ANTIKOR • Бүгін, 15:26

Антикор туризм саласын тексереді

22 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында туризм саласындағы жемқорлыққа қарсы сыртқы талдау жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Антикор туризм саласын тексереді

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Тексеру Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті, оның ведомстволық бағынысты ұйымдары, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ мен жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтиды.

«Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және оны халықаралық және ішкі нарықта ілгерілету, туристік қызмет саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, бюджетті жоспарлау және игеру, туристік саланы субсидиялау және бюджеттік кредиттеу мәселелерін зерделеу жоспарланып отыр», делінген Антикор хабарламасында.

Саланы талдауға мүдделі мемлекеттік органдардың сарапшылары мен азаматтық қоғам өкілдері де тартылады.