Фото: ҚМА
Күдіктінің Теміртау қаласындағы өндірістік база аумағында металл контейнерлерде криптовалюта өндіру үшін арнайы жасалған есептеу құрылғыларының кешенін орнатқаны анықталған.
«Тінту барысында объектіден 156 бірлік майнинг жабдықтары (ASIC) және басқа да қосалқы құрылғылар табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жариялануға жатпайды», делінген хабарламада.
Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 11 фактісі анықталған. Олардың қылмыстық табысының жалпы сомасы 440 миллион теңгені құрады. Тергеу барысында 269 миллион теңге сомасында майнингтік жабдықтары тәркіленіп, 373 миллион теңге сомасында цифрлық активтер өндірілген.
«Сотқа жіберілген екі қылмыстық іс бойынша жалпы қылмыстық табыс 216 миллион теңгені құрады. Осы істер шеңберінде 1,1 миллиард теңгелік мүлік пен 30 млн теңгеден астам цифрлық активтерге тәркіленді», деп нақтылады ведомство өкілдері.