Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бүгін Алматы қаласында үшінші рет ұйымдастырылған ұлттық әдеби сыйлықтың жеңімпаздары марапатталды.
Замана әдебиетінің заңғарлары аламанға түскен әдеби байқауға 176 өтінім келіп түскен. 7 номинация бойынша үздіктер жүлделі болды.
Соның ішінде «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының кеңесшісі Жүсіпбек Қорғасбек бәйгеге ат қосқан «Үздік әдеби сын» аталымының сөресінен 13 тұлға жүлдеге үміт артқан.
Қаламы қарымды, шабыты шалқар азаматтар арасынан Жүсіпбек Қорғасбектің «Сайтанның ойыны» еңбегі «Үздік әдеби сын» номинациясында шашасына шаң жұқтырмай, мәрені бірінші болып кесті.
Марапаттау кешінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз алып, қаламгер қауымды қолдауға бағытталған істер іркілмейтінін атап өтті.