Саясат • 03 Желтоқсан, 2024

Ынтымақтастықты нығайтатын қадам

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәскеу қалалық думасының төрағасы Алексей Шапошниковпен жергілікті өкілді органдар ара­сындағы ынтымақ­тас­тықты нығайту мәселесін талқылады.

Ынтымақтастықты нығайтатын қадам

Мәжіліс спикері Мәскеу қалалық думасының делегациясымен кездесуде екі ел арасында барлық деңгейде өзара тығыз байланыс орнағанын атап өтті.

– Сіздің елордаға сапарыңыз екі астананың өкілді органдары ара­сындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді. Бұл өте маңызды, өйткені Астана мен Мәскеу депутаттары өз өңір­лерінің мәселелерін жақ­сы біледі және екі елорда арасын­дағы байланыс­тардың мазмұнын толықтыра алады, – деді Е.Қошанов.

Мәжіліс төрағасы Ресей Пре­зи­денті Владимир Путиннің Қазақ­­станға жақында жасаған мем­ле­кеттік сапарының тарихи маңызына назар аударып, Қазақ­стан мен Ресей басшыларының тату көршілік қарым-қатынастарды нығайтудағы ерекше рөліне жеке тоқталды.

Сапар қорытындысы бойынша жаңа жаһандық тәртіп жағда­йында стратегиялық серіктес­тікті тереңдету туралы бірлескен мәлім­деме қабылданды. Онда парла­ментаралық ынтымақтастықтың жоғары қарқыны атап өтілген.

– Бұл – екі ел парламенттерінің қарым-қатынасына берілген өте жоғары баға. Біздің парламент­ші­лер бір-бірімен жеке де, жұ­мыс бойынша да тікелей байланыс­та болып, туындаған мәселе­лер­ді жедел шешеді. Осы жазда Мемлекеттік Думамен ынты­мақ­тастық жөніндегі парламент­аралық комиссияның жұмысы қайта жанданды, – деді Мәжіліс спикері.

А.Шапошников қонақжайлық үшін алғысын білдіріп, Астана мәслихаты мен Мәскеу қалалық думасы арасындағы өзара ықпал­дас­тықты одан әрі дамытуды ұсын­ды. Сондай-ақ тараптар мә­дени, білім беру және экономика салалардағы ынтымақтастық жөніндегі бірқатар мәселені талқылады.