фото: pixabay
«Мой город» басылымының хабарлауынша, 2024 жылғы жаңажылдық іс-шараларды өткізуге Орал қаласы мен облыс аудандарының бюджетінен 28 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Орал қаласында Тұңғыш Президент алаңында, қалалық мәдениет және демалыс саябағында, «Лепесток» саябағында, сондай-ақ Круглоозерный, Деркөл, Зачаганск кенттерінде және облыстың 12 аудан орталығында мерекелік шыршалар орнатылады.
Қаланы безендіру үшін бұрын сатып алынған жаңа жылдық безендірулер пайдаланылады, ал жаңа ағаштар мен атрибуттарды сатып алу жоспарда жоқ.
Облыс тұрғындары мен қонақтары Президенттік шыршаны, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған бағдарламаларды, сондай-ақ басқа да жаңа жылдық мерекелерді тамашалайды.