Фото: bologoe-school12.ru
«Біз бұрын айтқанымыздай, «мектептерде ақша жинау» деген болмауы керек. Мен осы және басқа да іс-шараларға байланысты пікірімді үнемі айтып отырамын. Бұған министрліктің бұйрығымен де тыйым салынады. Бұл жаңа жылдық іс-шараларға да, шыршаларға да қатысты. Кез-келген іс-шараларды ақша жинамай өткізуге болады. Сонымен қатар қазір барлық іс-шаралар «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарланған», деді Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ министр кез келген іс-шара балаларды тек көңіл көтеруге емес, тәрбиелеуге бағытталу керек екенін баса айтты.