Волонтер • 04 Желтоқсан, 2024

Астанада «Игі істер марафоны» жобасы қорытындыланады

146 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Жыл волонтері» Халықаралық сыйлығы волонтерлік қозғалыстың үздік өкілдерін бір арнаға тоғыстырды. Байқау әлеуметтік маңызы бар міндеттерді белсенді түрде шешіп, волонтерлік мәдениетті дамытатын отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың еңбегі мен үлесін мойындау алаңына айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада «Игі істер марафоны» жобасы қорытындыланады

Фото: depositphotos.com

Биыл комиссияның қарауына 15 бағыт бойынша 118 өтінім түсті. Мұқият іріктеудің нәтижесінде 47 үміткер жеңімпаз атанды. Олардың жобалары мен бастамалары волонтерлік қызмет саласындағы жанқиярлық пен тиімділіктің үлгісі болды.

«Жыл волонтері» Халықаралық сыйлығы Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Бұл сыйлық қоғамдық пайдалы бастамаларды дамытуға елеулі үлес қосқан волонтерлерді ынталандыруға және волонтерлік қозғалысқа жаңа қатысушыларды тартуға бағытталған.

Сондай-ақ 5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күнін мерекелеу аясында Қазақстан халқы арасында волонтерлік және қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.
«Игі істер марафоны» жобасы 2024 жылдың 9 шілдесінен 1 желтоқсанына дейін елімізді қамтып, біріктірілген күштердің жігерін көрсете отырып, үлгі боларлықтай оқиғаға айналды. Марафон барысында 7000-нан астам игі іс жасалды, ал оның қатысушыларының саны 50 000 адамға жуықтады.

Жоба бес аптадан тұратын игі істерді қамтыды:

  • «Экология» бағытындағы мейірім апталығы;
  • Жастар күніне арналған мейірім апталығы;
  • Қарттар күніне арналған мейірім апталығы;
  • Жануарларды қорғауға арналған мейірім апталығы;
  • «Инклюзия» бағытындағы мейірім апталығы.

Игі істер аясында жасалған волонтерлік және қайырымдылық іс-шаралар:

  • 3200 жуық ағаш отырғызылды;
  • 240 тонна қоқыс, пластика, макалатура жиналды;
  • 6000 отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, жалғызбасты қарттарға азық-түлік, тұрмыстық химия, дәрі-дәрмек бойынша көмек көрсетіліп, аулада тазалықжұмыстары, тұрмыстық көмек және отын жару жұмыстары жүргізілді;
  • 1000-нан аса үйсіз қалған жануарларға көмек көрсетілді.

«Игі істер марафоны» жобасы аясында биыл 5 арнайы номинация қарастырылған, олар: «Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең мейірімді ауыл», «Ең белсенді медиа».

Салтанатты марапаттау рәсімі 2024 жылғы 5 желтоқсан күні сағат 10:00-де Халықаралық волонтерлер күніне орай Астана қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 3 мекенжайында орналасқан Салтанат сарайында өтеді.