Саясат • Кеше

Дипломаттар елге оралған соң жұмысқа тұруға міндеттеледі

27 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілісте дипломатиялық қызмет мәселелері туралы заң қаралды, деп жазады Egemen.kz.

Дипломаттар елге оралған соң жұмысқа тұруға міндеттеледі

Фото: zhambylnews.kz

Заңда дипломаттардың халықаралық мансабын аяқтағаннан кейінгі әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған нормалар қамтылды.

Енді дипломаттар халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалғанға дейін қызметінен босатылған күннен бастап үш ай ішінде конкурстық іріктеусіз, Сыртқы істер министрлігінде атқарған қызметінен төмен емес лауазымға тағайындалады.

Бұл ереже халықаралық ұйымға жұмысқа тағайындалғанға дейін тікелей саяси лауазым атқарған адамдарға қолданылмайды.

Сондай-ақ депутаттар оғаш іс-қылығы үшін жұмыстан шығарылған азаматтардың дипломатиялық қызметке кіруіне шектеусіз тыйым салуды жоюға бағытталған түзетулер енгізді.