Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2024

Алматы мектептері жаңа автобустармен толығады

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы мектептері жаңа автобустармен толығады

фото: gov.kz

Келесі жылы Алматыдағы мектеп автобустарының саны 300-ге жетеді. Бұл туралы 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттік жобаны Алматы мәслихатының алдағы сессиясында қарау жоспарланды.

Жобаның екінші кезеңі аясында биыл оқушыларды тасымалдауға қосымша 100 автобус сатып алынды. Осылайша, қазір 51 мектептің 9 мыңнан астам оқушысын тасымалдайтын 200 автобус жұмыс істеп тұр. Келесі жылы жобаның жалғасы ретінде тағы 100 автобус сатып алу жоспарланған.

Автобустар алыстағы және қиын қолжетімді аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден келіп түскен өтінімдерге сәйкес маршруттарға шығады. Бұл мектеп автобустарын бөлу кезіндегі басымдықтардың бірі болып табылады. Әр мектеп үшін оқушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында егжей-тегжейлі маршруттық парақтар әзірленді.