Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2024

Алматы тұрғындарының орташа еңбекақысы белгілі болды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы тұрғындарының орташа айлық еңбекақысы белгілі болды. Оның көлемін Алматы қалалық мәслихатының сессиясында қалалық экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы тұрғындарының орташа еңбекақысы белгілі болды

«Инфляцияны шегергеннен кейін Алматыда орташа айлық жалақы нақты мәнде 6,1 пайызға өсіп, 470 мың теңгені құрады», деді Өмірбаев өз баяндамасында.

Ол Алматы экономикасының серпінді дамып келе жатқанын атап өтті.

«Жоғары инвестициялық белсенділік пен қарқынды экономикалық өсу 58,3 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді, оның 80 пайызы тұрақты жұмыс істейді, нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға дейін төмендеді», деп қосты ол.

Сонымен қатар, биылғы жылдың қараша айында жылдық инфляция 9 пайызға дейін төмендеді. 

«Біз инфляцияның 2024 жылдың соңына қарай 8,5 пайызға дейін және 2025 жылы 7,5 пайызға дейін одан әрі баяулауын күтеміз. Жалпы, Алматы қаласының экономикалық өсімі 2024 жылы 5,5 пайызды құрайды деп күтіледі. 2025 жылы қала экономикасы 6,4 пайызға дейін өседі деп болжанды», деді Дастан Өмірбаев.

Еске салайық, қарашада Алматы әкімдігі биылғы жылы қала тұрғындарының орташа айлық жалақысы 468 мың теңгені (республика бойынша – 392,6 мың теңге) құрағанын хабарлаған еді. Номиналды түрде жалақы 15,5 пайызға, нақты мәнде (инфляцияны есепке алғанда) 5,7 пайызға өсті.