Спорт • 06 Желтоқсан, 2024

Азия чемпионаты: Сағындық Тоғамбай қарсыласын жеңді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан боксшысы Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының 1/4 финалында өзбекстандық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия чемпионаты: Сағындық Тоғамбай қарсыласын жеңді

Жекпе-жек 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Қазақстандық боксшы 5:0 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.

Айта кетейік, Тоғамбайдың Мадияр Сайдрахимовқа қарсы жекпе-жегі Қазақстан мен Өзбекстан өкілдерінің осы турнирдегі төртінші кездесуі болды.

Бұған дейін Бейбарыс Жексен 1/8 финалда Ділшод Абдумуродовты, 1/4 финалда Аида Әбікеева Делфуза Бекованы жеңген болатын.

Сонымен бірге, бүгін Сәкен Бибосынов жартылай финал үшін белдесуде Әсілбек Жалиловқа есе жіберген еді.

Тағы бір ширек финалдық кездесуде Париж Олимпиадасының қатысушысы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келіге дейін) таиландтық Сомчай Вонгвусаннан төрешінің шешімімен жеңіліп қалды (1:4). Базарбайұлының жеңілісі Қазақстан ерлер құрамасы үшін турнирдегі үшінші жеңілісі болды.
Азия чемпионатынан бірінші болып боксшы Бейбарыс Жексен шықты. Ол 1/4 финалда тәжікстандық Акмал Убайдовтан ұтылып қалды, елге екінші оралған ел өкілі Сәкен Бибосынов болды.

Бокстан Азия чемпионаты Чиангмайда (Тайланд) 30 қарашада өтіп, 11 желтоқсанда аяқталады.