Ғалымдардың айтуынша, симптомдар пайда болмай тұрып, 1-2 күн бұрын ағзада өзгеріс басталады. Алгоритм осы ауытқуларды байқап, пайдаланушыға демалып, ертерек емделуге немесе дәрігерге қаралуға мүмкіндік береді. Бұл функция қазір «Oura Labs» бағдарламасының бета-нұсқасында тексеріліп жатыр.
Бақылаушы робот-ит
«VisionLabs» пен «Жаңа өнімдер зертханасы» интеллектуалды видео сарапшысы бар робот-ит жасап шығарды. Технология құрылыс алаңдарындағы қауіпсіздікті арттырып, жазатайым оқиғалар санын азайтады.
Робот «VisionLabs LUNA» жүйесі арқылы қауіпсіздік ережелері бұзылғанын анықтай алады. Сондай-ақ құрылыс алаңындағы адамдардың каска мен кеудеше киген-кимегенін тексереді. Бөгде адамдар бар-жоғын бақылайды. Робот-ит лидар, спутниктік позициялау жүйесі, су мен шаңнан қорғау құралдарымен жабдықталған. Ол бағдар бойынша өздігінен немесе оператордың басқаруымен қозғалады. Барлық сынақтан сәтті өткен робот-итті қоймаларда, өнеркәсіп орындарында, медициналық кластерлерде пайдалануға болады.
Альцгеймерді емдейтін дәрі
«Filamon Limited» компаниясы жаңа «ALPHA-003» препаратын шығарды.
Бұл дәрі қабынуға қарсы әсер көрсетіп, ми жасушаларының құрылымдарын сақтай отырып, жазылуы қиын аурулардың асқынуын тоқтата алады. Препарат микротүтікшелерді қорғауға бағытталған әрі мидың гематоэнцефалдық тосқауылынан өтіп, қабынуды басады. Ғалымдар клиникалық зерттеулерді 2026 жылы бастамақ. Ғалымдар бұған дейін альцгеймер ауруы есте сақтау қабілетінің нашарлауына әкелетінін анықтаған.