01 Мамыр, 2015

Дауыс беру

521 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Еуроодақтың барлық нормаларына сәйкес ке леді Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс өткен президенттік сайлау тақырыбы шетелдік БАҚ-тардың ақпараттық кеңістігін әлі де шарлап жүр. Газеттер, ақпарат агенттіктері, теле- және радиоарналар жедел қарқынмен дамып келе жатқан елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың гаранты ретіндегі Нұрсұлтан Назарбаевқа өздерінің дауыстарын берген сарапшылардың, сондай-ақ, қарапайым қазақстандықтардың сөздерінен үзінділер келтіруде. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының сайлау учаскелеріне келу деңгейінің аса жоғары болғандығы ерекше атап көрсетіліп жатыр. reuters-1Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды бағдарламасында экономикалық реформаға, саяси тұрақтылыққа, ұлт­аралық келісім мен көпұлтты мемле­кеттегі әлеуметтік тұтастыққа ерекше назар аударылған болатын. Қазақстан басшысының ұраны «Қуатты мемлекет және экономика бірінші орында». Нұрсұлтан Назарбаев нарықтық реформаны табысты жүргізіп, 200 мил­лиард доллардан астам шетелдік тікелей инвестиция тартты. Осының нәтижесінде Қазақстан экономикасының ауқымы жөнінен бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ішінде екінші орынға көтерілді. Инвесторлар Қазақстанның кең көлемді табиғи ресурстарын игеруге жан-жақты көмектесіп отыр және өздерін салыстырмалы түрде алғанда қауіпсіз сезінеді. Сонымен бір мезгілде, Нұрсұлтан Назарбаев көрші Қытаймен және Ресеймен қатар, Батыспен де тығыз қарым-қатынас қалыптастырған. «Біз Назарбаевтың орнықты екенін, одан не нәрсе күтуге болатынын білеміз», – дейді АҚШ-тың «Альфа Консалтинг Груп» компаниясының президенті Эдвард Мермельштайн. Ол негізінен Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне бизнес-консультациялар ұсынумен айналысады. «Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің қуыршағы емес екенін, Батыс та пайдалануы ықтимал әлдебіреу болып табылмайтынын анық аңғартып отыр», – дейді Эдвард Мермельштайн. 7Қазақстанда сайлаушылар легінің көп болғаны сондай, олар дауыс беру кезінде, тіпті, сайлау учаскелерін торлап алды десек жарасады. Ал Алматы мектептерінің біріндегі сайлау учаскесінде кезекте тұрған көпшіліктің арасынан тек екі адам ғана Н.Назарбаевтың қарсыластарына дауыс беру ниеттері бар екенін білдірді. «Мен Назарбаевқа дауыс беремін, өйткені, маған ешқандай өзгерістердің қажеті жоқ. Мен өзімді қазіргі билік кезінде жүріп жатқан оң істердің арқасында бақытты сезінемін. Біздер, бизнесмендер Украина «қол жеткізген» демократия  «жеңістерін» қаламаймыз. Бізге тұрақтылық пен болжамдылық қымбат», – дейді атын айтуға ықылас танытпаған орта жастағы ер адам. «Оған балама жоқ. Ол Қазақстанды дұрыс бағытқа бастап келеді. Оның жасының қаншада екені маңызды емес. Ол жұмыс істеуге қабілетті болған кездің бәрінде біз тек оған ғана дауыс береміз», – дейді 44 жастағы мемлекеттік қызметші Елена Бурлакова. Қазақстан – 2008 жылғы жаһандық экономикалық дағдарыс кезіндегі айтарлықтай төмендеуді қоспағанда, соңғы 20 жыл бедерінде тек экономикалық өсімге қол жеткізіп келе жатқан мемлекет. 77Сайлаушылар президенттік сайлау болған 26 сәуір күні бүкіл Қазақстан аумағында дауыс беру үшін кезекке тұрды. Мәселен, Астана қаласындағы №82 сайлау учаскесінде кейбір сайлаушылар сайлау комиссиялары есік ашардан жарты сағат бұрын төбе көрсетті. Солардың бірі 77 жастағы Шәрбан бюллетеньді  жәшікке салған алғашқы сайлаушы атанды. «Мен өзімнің дауысымды балаларым үшін бердім», – деді ол. Н.Назарбаевтың сайлауалды науқаны заманауи және жоғары тиімділікке ие үкімет орнықтыруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, экономикаға оны индустрияландыру мен әртараптандыру арқылы қосымша серпін беруге бағытталған болатын. Есімі Әл-Фараби аталатын Астанадағы медициналық колледждің 21 жасар студенті де Н.Назарбаевқа дауыс берді. Ол былай деп атап өтті: «Менің студенттерді шетелдерге оқуға жіберетін үкіметтік бағдарламаға көңілім толады. Мен келесі үкімет табиғи және әлеуметтік ғылымдар саласында білім алатын жастарға қазіргіден де көп инвестиция салады ғой деп үміттенемін». BBC-LogoНұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлауда үлкен басымдықпен жеңіске жететіні сайлау алдындағы exit-poll нәтижелерінен де айқын аңғарылған еді. Нәтижесінде солай болды да. Еxit-poll сайлауда іс басындағы Президенттің 97,5 пайыз дауыспен жеңіске жететінін көрсеткен-тін. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің алдын ала нәтижелерін шығара отырып, дауыс беруге сайлаушылардың рекордтық саны – 95,11 пайызы қатысқанын көлденең тартты. Қысқасы, мәселе мынада: Назарбаев мырза бесінші президенттік мерзімге нық қадам басса, бұл елде ешқашан да күдік туғызарлық мәселе болған емес. Көптеген сайлаушылар сайлау учаскелеріндегі ұзын-сонар кезекке тұрды. Кезек, әсіресе, Астана қаласы мен елдегі аса ірі мегаполис Алматы қаласында сұрапыл көп болды. Қазақстан азаматтары, сөйтіп, өздерінің азаматтық парыздарын екі-үш сағаттан кезекке тұрса да көңілдерін кірбің шалмай, адал орындап шықты. 9ЕҚЫҰ мен ТМД-дан, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассам­блея­сынан 1,1 мыңнан астам байқаушы және көптеген тәуелсіз байқаушылар Қазақстанға мониторинг жүргізу үшін атбасын тіреген еді. Лондон дипломатия академиясының дипломаты, Ұлыбритания байқаушылар миссиясының мүшесі Джозеф Мисуд Қазақстандағы президенттік сайлаудың Еуроодақтың барлық нормалары мен стандарттарына сәйкес келетінін хабарлады. Үш испандық шолушы – Джозе Марио, Агустин Алодлбар және Джорди Чукла  ЕҒЕ басылымына сайлаудың қалыпты деңгейде өткенін айта келіп, қазақстандықтардың өздерінің дауыс беру құқын өте жоғары бағалайтынына назар аударды. Қазақстандағы президенттік сайлау кезінде дауыс беру белсенділігі 90 пайыздан әлдеқайда асып кетті және іс басындағы Президенттің аса үлкен басымдықпен жеңіске жететіні қазірдің өзінде белгілі болып отыр. 99Қазақстандағы президенттік сайлаудан шыққандардан сұраған кезде олардың бәрі дерлік іс басындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс бергендерін мәлімдеді. Өйткені, олар өздерінің болашағы үшін алаңдайтындарын атап көрсетті. Сайлаушылардың сөздеріне қарағанда, сайлау кандидаттардың бірін таңдау емес, Нұрсұлтан Назарбаевты жұртшылықтың қаншалықты қолдайтынын айғақтау үшін ғана қажет. Компьютерлік технология саласының 26 жастағы маманы Мирас Мұхамедрақымова былай деді: «Мен басқа кандидаттарды онша жақсы білмеймін. Біз, бірінші кезекте, Украинадағы жағдайдың бізде қайталанғанын қаламаймыз. Осының барлығы тұрақтылық үшін қажет». Сайлау учаскелерінен тысқары жерлерде сұралған адамдар кімге дауыс беретіндерін айқайлап жеткізіп жатты. Ол дауыстардың барлығы Н.Назарбаевтікі болатын. Бухгалтерлікке оқып жатқан 19 жасар Еуразия ұлттық университетінің студенті  Дана Жақсылықова ел болашағын тек Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстыратынын көлденең тартты.