Туризм • 09 Желтоқсан, 2024

Елімізде туризм саласын мемлекеттік қолдау кеңейтілді

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл мемлекеттік қолдауға мақұлданған өтінімдер көлемі 3 есеге артқан. Тек 2024 жылдың өзінде 37 туристік нысан мен 6 туристер тасымалдайтын автобусқа 2,1 млрд теңге мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде туризм саласын мемлекеттік қолдау кеңейтілді

Фото: Ашық дереккөз

2024 жылдың соңына дейін жалпы құны 120,4 млрд теңгені құрайтын 119 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланған, бұл 1 319 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Негізгі бастамалар қатарына:

  • Түркістандағы «Medina Palace» қонақ үйінің құрылысы;
  • Жаңа қонақ үй нысандарын қосу арқылы «Ақсу – Жабағылы» шипажайын жаңғырту кіреді.

«Глемпинг алаңдары мен қонақ үйлерін құру арқылы 10 мың ауыл тұрғынын қосымша жұмыспен қамтамасыз ететін агротуризмді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ұлттық парктер аумақтарындағы инфрақұрылымды дамытуға арналған қонақүйлерді жіктеу жүйесін жаңарту және жергілікті атқарушы органдар өкілеттіктерін кеңейту жоспарланып отыр», делінген хабарламада.