Фото: ҚМА
Бұл туралы ҚМА мен Жоғары білім және ғылым министрлігімен бірлесіп еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындары үшін ұйымдастырылған құқықтық мәдениет және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі вебинар барысында белгілі болды. Шара «Тәртіпті өзіңнен баста!» эстафетасы аясында өткізілді.
Агенттікте алаяқтық жобалардың өмірлік циклін және оларға тартылған салымшылар санын қысқартуға бағытталған «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы енгізілді.
Биылғы жылдың басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталған. Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған. Сондай-ақ, осы жылы әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттардың 11,7 мыңнан астам сілтемесі бұғатталған.
Вебинар барысында қатысушыларға жинақтарын салу кезінде назар аудару қажет негізгі белгілер туралы айтылды:
- Тәуекелдерсіз және күш-жігерсіз жоғары табыс уәде ету;
- Жаңа клиенттерді міндетті түрде тарту;
- Интернетте белсенді жарнама жасау;
- Компанияның Қазақстан Республикасында тіркелмеуі немесе жақын арада тіркелуі;
- Заңдық сүйемелдеудің болмауы (шарттың болмауы немесе тараптардың міндеттемелерінсіз жасалуы);
- Салымдарды қолма-қол ақшамен, криптовалюта арқылы немесе банктердің қатысуы болмайтын төлем жүйелері арқылы қабылдау.
Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы.
«Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз. Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырамыз», делінген хабарламада.
№ |
Наименование |
Телефоны дежурной части |
1 |
Астана қ. |
87172 (70-84-79), 21384 |
2 |
Алматы қ. |
87272 (79-29-56) |
3 |
Ақмола облысы |
87162 (25-62-84) |
4 |
Ақтөбе облысы |
87132 (46-83-81) |
5 |
Алматы облысы |
87272 (79-20-86) |
6 |
Атырау облысы |
87122 (35-42-10) |
7 |
БҚО |
87112 (53-84-23, 53-84-23) |
8 |
Жамбыл облысы |
87262 (34-76-26) |
9 |
Қарағанды облысы |
87212 (56-70-00) |
10 |
Қостанай облысы |
87142 (27-34-12, 53-60-26) |
11 |
Қызылорда облысы |
87242 (70-87-42) |
12 |
Маңғыстау облысы |
87292 (40-36-59) |
13 |
Шымкент қ. |
87252 (77-14-48) |
14 |
Павлодар облысы |
87182 (61-33-05) |
15 |
СҚО |
87152 (46-98-18) |
16 |
ШҚО |
87232 (24-06-05, 29-56-51) |
17 |
Түркістан облысы |
872533 (5-77-65) |
18 |
Абай облысы |
87222(33-20-74) |
19 |
Жетісу облысы |
8 7282 (24-11-25) |
20 |
Ұлытау облысы |
87102(77-30-62) |