«GenCast» ауа райы туралы 1979–2018 жылдардағы деректерге сүйене отырып болжам жасайды. Бұл модель Еуропа метрология орталығынан (ECMWF) асып түсіп, ыстық толқын, тропикалық циклондар сияқты қауіпті құбылыстарды дәл болжай алған. Мәселен, 2019 жылы Жапонияға соққан Хагибис тайфунын «GenCast» дәстүрлі жүйелерге қарағанда 12 сағат ерте ескерткен. «GenCast» 15 күндік ауа райын небәрі 8 минутта болжайды, ал басқа жүйелерге бірнеше сағат қажет.
Шойын өндірудің оңай жолы
Қытай ғалымдары шойын өндірудің жаңа әрі экологиялық таза әдісін ойлап тапты.
Бұл технология ұнтақталған темір кенін қыздырылған пешке бүрку арқылы шойынды небәрі 3–6 секундта алуға мүмкіндік береді. Бұған дейін бұл үдеріс 6 сағат уақыт алатын. Жаңа әдісте көмір қолданылмайды, сондықтан көмірқышқыл газының бөлінуі азайып, өндіріс экологияға қауіпсіз болады. Ғалымдардың айтуынша, арнайы құрылғы сағатына 450 тонна темір кенін өңдей алады, ал жылдық өндіріс көлемі 7 миллион тоннадан асады.
Әуе таксиі
2025 жылы Абу-Дабиде «Archer Aviation» стартапы негізінде әзірленген әуе таксиі іске қосылады.
Енді әуе таксилері Абу-Даби мен Дубай арасындағы жол жүру уақытын 10 минутқа қысқартады. «Archer Aviation» стартап жобасы Біріккен Араб Әмірліктерімен келісімшарт жасасты. Іске қосылатын Midnight моделі 241 км/сағ жылдамдықпен ұшады. Бұған дейін компания Жапонияға 100 аэротакси жеткізу туралы келісім жасаған. Ал Лос-Анджелесте әуе таксиі қызметі 2026 жылы қолжетімді болмақ. Сондай-ақ «Archer Aviation» Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада электрұшақ өндірісін ашуды жоспарлап отыр.