Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2024

Су мамандары АҚШ пен Аустралияда білімін шыңдайды

56 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы орайда Су ресурстары және ирригация министрлігі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен келісім жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су мамандары АҚШ пен Аустралияда білімін шыңдайды

Фото: Ашық дереккөз

Келесі жылы министрліктің екі қызметкері Америка Құрама Штаттарында оқу тағылымдамасынан өтеді. Тағы бір маман «Болашақ» бағдарламасы бойынша Аустралияда білім алады.

Еске салайық, Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасы бойынша биыл «Болашақ» бағдарламасына «Гидрогеология», «Су ресурстары» секілді оқу бағдарламалары қосылған еді, нәтижесінде, аталған мамандықтар бойынша шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Ведомство мәліметінше, мамандардың біліктілігін арттыру - министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі.

«Бүгінде ведомство Қытай, Нидерланды, Франция сынды мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау жөнінде келісім жасады. Биыл Нидерланды сарапшылары Астана, Ақтөбе қалаларында су тасқыны қаупін басқару бойынша 3 мәрте оқу семинарын өткізді. Нәтижесінде су тасқынына қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын 50-ден астам маман біліктілік арттырды», деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

Тағы бір айта кететін жайт, «Қазсушар» мамандары Жапонияның Саппоро қаласында үш айлық оқу курсына қатысқан. Ал Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы директорының орынбасары Оңтүстік Кореяға барып, тәжірибе алмасып қайтты.