Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанипа Бітібаева өткен жылдың қыркүйегінде мәңгілік сапарға аттанған еді. Бүгін оның туғанына 70 жыл толып отыр. Сол атаулы мерейтойы қарсаңында ұлт ұстазы еңбек еткен мектепте жеке мұражай ашылды. Жамбыл атындағы білім ұясында аты аңызға айналған ұлағатты ұстаз ғұмырының тең жартысын өткізіп, мыңдаған шәкіртінің жүрегіне білім шамшырағын жақты. Оқушылары сан қырлы өнерімен таңғалдыратын бұл қара шаңырақ сонау кеңестік уақытта өзге ұлты көп қалада ұлттық рухтың ошағы болды. Соның бастауында Қанипа Омарғалиқызы тұрып, өзгелерді жұмылдырып Абай, Шәкәрім, Мұхтар тағылымы арқылы келешек ұрпақтың санасын оятуға қызмет еткені айтарлықтай ерлік. Ел азаматтары, шәкірттері, туыстары Қанипа апаның өзі тұрған үйіне мемориал-тақта орнатты. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде ғылым саласында жүрген ізбасарларының ұйымдастыруымен ұстаздың атында дәрісхана ашылып, естеліктер кітабының тұсауы кесілді, еске алу кеші өтті. Сондай-ақ, Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен өткен республикалық олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық оқушының келуі де ұстаз есімін ұлықтауда атқарылып жатқан игі шаралардың бірі болды.
Салтанатты жиынға мектеп ұжымымен бірге қаладағы басқа білім ордалары да атсалысты. Мәселен, №16 мектептің «Мұрагер» оркестрінің өнерпаздары күмбірлете күй ойнаса, Экспо-2017 негізінде ұйымдастырылған оқушылар жобаларының көрмесі өтті. Сондай-ақ, салтанатты шараға қатысушылар қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін педагогика тәжірибесіне енгізу болып табылатын Қ.Бітібаеваның зертханасында оқушылардың ғылыми жобалары таныстырылды. Әрине, іс-шараның басты кезеңі – Қ.Бітібаева мұражайының салтанатты ашылуы болды. Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар ұлт ұстазының еліміздің білім саласын дамытуға қосқан елеулі еңбегін айрықша атап өтті. Аталған шараға Астанадан арнайы келген публицист-жазушы, «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Сүлеймен Мәмет Қанипа Бітібаеваның классикалық және қазіргі кезең әдебиетінің эстетикалық сырын, Абай, Мұхтар өмірі мен шығармашылығы негізінде қазақ халқының рухани мәдениетін терең ұғынудағы еңбегін ерекше атап өтті.
Салтанатты шара соңы ұлағатты ұстаздың рухына арналған ас беруге ұласты.
Жиынға ұстаздың замандастары, әріптестері мен шәкірттері, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Өрлеу» БАҰО» АҚ облыстық филиалы жетекшілері мен өкілдері және өңірдегі мектеп ұстаздары, ардагер-педагогтар қатысты.
Мұғалім мұражайының ашылуына барлық қамқорлықты жасаған облыс әкімдігінің білім басқармасының, оны ұтымды ұйымдастырған Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернаты ұжымының еңбегін атап өтуді парыз санаймыз.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше