Ауа райы • Бүгін, 16:54

Алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болады

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнде Алматы мен Астанада ауа райы қандай болады

Фото: istockphoto.com

Астана:

17 желтоқсанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -12…-14°C, күндіз -8…-10°C.

18 желтоқсанда айнымалы бұлтты, күндіз қар, боран. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-12°C, күндіз -5…-7°C.

19 желтоқсанда айнымалы бұлтты, кейде қар жауады, боран. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз -1…-3°C.

Алматы:

17 желтоқсанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде кей жерлерде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -14…-16°C, күндіз -4…-6°C.

18 желтоқсанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -11…-13°C, күндіз -0…-2°C.

19 желтоқсанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -7…-9°C, күндіз 0…+2°C.

«Қазгидромет» мамандары тұрғындарға ауа райы болжамын ескеріп, сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.