Фото: Видеодан алынған кадр
Есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған құрал-жабдықтар тәркіленген.
«23 қарашада Қостанай облысынан есірткі сатуға келген тұлғалар ұсталды. Ақтөбе облысынан сауда арнасы тоқтатылды. Үйлестіру кеңесінен кейін барлығы 50-ден астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, 4 фитолаборатория анықталды», делінген хабарламада.
Сонымен қатар «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасы аясында 350-ден астам есірткі жарнамасы жойылған.
Естеріңізге сала кетейік, 29 қазанда Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен есірткіге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілген еді.