Оқиға • 17 Желтоқсан, 2024

Алматы облысында 56 жастағы әйелдің мәйіті табылды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысында 56 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдымен бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тараған еді. Қайтыс боларының алдында әйел адам такси қызметін пайдаланғаны белгілі болды. Кейін оның мәйіті қараусыз қалған кірпіш зауыты маңынан табылған. 

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның объективті мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған», деп хабарлады полиция қызметкерлері.