Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Оның айтуынша, мемлекеттік бюджет шығыстары 94 пайызға, республикалық бюджет 96 пайызға, жергілікті бюджет 92 пайызға орындалған.
«Мемлекет негізгі әлеуметтік міндеттемелерін орындады: 5,2 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы; өңірлерге субвенциялар – 4,8 трлн теңге; Міндетті медициналық сақтандыру қорының нысаналы жарнасы 1,6 трлн теңгені құрайды», деді қаржы вице-министрі.
Сондай-ақ жергілікті бюджет шығыстары - 13 трлн. Шығындардың негізгі үлесі әлеуметтік салаға – 6,6 триллион теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа – 1,9 триллион теңге, көлік және коммуникацияға – 1,2 триллион теңге және ауыл шаруашылығына – 750 миллиард теңге бағытталған.
Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров осы жылдың қаңтар-қазан айларында сыртқы сауда айналымы $68,5 млрд, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 23,3 млрд долларды құрағанын хабарлаған еді.