Оқиға • Бүгін, 12:30

«Елай» есімді ит бір жылда 72 қылмыс ашты

31 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Шымкент-Самара күре жолының Жаңақорған ауданы тұсындағы «Шеп» бекетіне кезекшілікке түскен ПД кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологы, полиция лейтенанты Азамат Пазылов  күдік тудырған «Тойота» автокөлігін тоқтатады. Көлікті тексеру кезінде «Елай» қызметтік-іздестіру иті жүк салғыштан мұқият жасырылған күдікті заттар тапқан, деп жазады Egemen.kz.

«Елай» есімді ит бір жылда 72 қылмыс ашты

Сараптама қорытындысы бес полиэтилен пакетке оралған ерекше иісі бар заттың жалпы салмағы 5 173,16 гр болатын кептірілген марихуана екенін көрсетті.  Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Бұл есірткімен күресте полицейлердің сенімді серігіне аналған «Елай» қызметтік итінің көмегімен жыл ішінде ашылған 72-ші қылмыс.  

Жалпы жедел іс-шаралар барысында кинолог мамандар қызметтік-іздестіру иттері арқылы 77 қылмыстық құқық бұзушылық деректерін анықтап, күдіктілерден жалпы салмағы 27 кг болатын есірткі заттары алынған.  

вв