Сенат • Кеше

Биржалық саудаға қатысушылардың қызметіне мемлекеттік бақылау күшейтіледі

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биржа саудасы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да қаралып, мақұлданды. Бұл заңға депутаттар бастамашы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биржалық саудаға қатысушылардың қызметіне мемлекеттік бақылау күшейтіледі

фото: 7kun.kz

Заң шеңберінде тауар биржаларының қызметі саласындағы реттеудің негізгі мақсаттары мен қағидаттарын айқындау, Үкіметтің, уәкілетті және монополияға қарсы органдардың құзыреттерін кеңейту, тауар биржаларын шағын және микробизнес субъектілері санатынан шығару, тауар биржаларының брокерлері мен клирингтік орталықтарын лицензиялауды енгізу және тағы басқа нормалар көзделген.

«Биржалық сауда және инвестиция жөніндегі заңға сәйкес бірқатар нақты шаралар қарастырылған. Олардың қатарында биржалық саудаға қатысушылардың қызметіне мемлекеттік бақылауды күшейту және тауар биржаларын шағын кәсіпкерлік субъектілері қатарынан алып тастау сияқты қадамдар бар. Инвесторлардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету шаралары да назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, ел аумағындағы инвестициялық қызмет туралы деректерді пайдалану үшін арнайы инвесторлар тізілімі жүргізіледі. Бұл ретте, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторларға қатысты тексеру жүргізу туралы шешімдері прокурормен міндетті түрде келісілгеннен кейін ғана қабылданады»,  деді Сенат Спикері.