Кәсіпорынның қуаты жылына 150 мың тонна күнбағыс дәнін өңдеуге жетеді. Соның нәтижесінде 50-60 мың тонна май өндіруді жоспарлап отыр. Өнім заманауи технологияларды қолдану арқылы өндірілетін болғандықтан жоғары сапаға кепілдік берілмек. Сонымен қатар зауыт қажетті шикізат пен дайын өнімді еліміздің басқа облыстарына жеткізу мен өзге өңір тұрғындарын қамтамасыз етуді күн тәртібіне қойған.
Салтанатты іс-шараға қатысқан қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов өз сөзінде осындай кәсіпорындардың ашылуы Семей қаласының инвестициялық тартымдылығының артып келе жатқанын, өңір экономикасының өркендеуі мен нығаюына жергілікті кәсіпкерлердің қосып жатқан үлесін айрықша атады.
Құны 17,3 млрд теңгені құрайтын жобаны «Agro oil group» компаниясы жүзеге асырып отыр. Өндіріс орны облыс орталығы Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, алдағы уақытта өңір өнеркәсібін өрге сүйреп, аймақтың экспорттық аясын кеңейтуге мүдделі.
Абай облысы