«Батыс» өңірлік қолбасшылығында қазақтармен дәм-тұзы жарасқан жауынгерлер де баршылық. Соның бірі орыс ұлтының азаматы майор Дмитрий Гуркин.
–Мен Алматы облысының Талғар қаласында 1980 жылы дүниеге келдім. Балалық шағымды осы ауылдың топырағында аунап өсіп, он жылдық мектепті тәмамдадым. Ал 2002 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтын бітірдім, 2005 жылы қазақтың Бекзат есімді қызына үйлендім. Ата-анам шаңыраққа келін етіп, қазақ қызын алып келгеніме риза болды, – дейді бізбен әңгімесінде Дмитрий.
Біздің кейіпкеріміз «Батыс» өңірлік қолбасшылығында техника және қару-жарақ бөлімшесінде автомобильді қызметтің бастығы болып 2014 жылдан бері қызмет етуде. Дмитрийдің Отан алдындағы абыроймен қызмет етіп жатқан адалдығы бағаланып, ІІ және ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет атқарғаны үшін» медалімен марапатталыпты.
Өзінің бос уақытында балық аулау, спорттың волейбол түрімен айналысатынын жасырған жоқ. Дмитрий қазақ қызының арқасында ұлттық салт-дәстүрлерді, оның құндылықтарын одан әрі жаңғырта түскенін мақтанышпен айтып, ағайын-тума, көрші-көлеммен тату екенін жеткізді. Орыс пен қазақ ұлтының өкілдерінен құралған отбасының бүгінгі күні түтіні түзу, бақытты ғұмыр кешуде.
– Құдайға тәубе! Осыған дейін сен қазақ, мен орыс деп ұлтқа бөлініп, араздасып көрген емеспіз. Жолдасым Дмитрий қазақы ортада туып өсті ғой. Қазақтарды қатты сыйлайды. Салт-дәстүрден ешқашан аттап көрген емес. Өзімнің әке-шешем орыс ұлтына тұрмысқа шығамын дегенде еш қарсылық танытқан жоқ, – дейді шаңырақтың отанасы Бекзат.
Бүгінде Дмитрий мен Бекзат отбасында Софья мен Диана атты екі қызды тәрбиелеп, өсіріп отыр. Орта мектепте білім алып жатқан үлкен қызы Софья өзге ұлт өкілі болса да, қазақ тілін жетік меңгеріп, оны туған тілі санап, құрметтейді.
– «Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ және бәрі де заң алдында тең. Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біз бәріміз – біртұтас Қазақстан халқының тең құқылы балаларымыз. Біздің бәрімізді бір мәселе толғандырады – бүкіл Қазақстан халқының әл-ауқаты. Бәріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі», деп кешегі Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біз еліміздің қарыштап дамуына бар күшімізді салуымыз қажет. Мұны өсіп келе жатқан балаларымыздың бойына сіңіруден де кенде емеспіз. Елбасы салған сара жолда еңбек етіп, жыл сайынғы Жолдаудың құндылығын ұғындырудамыз», – деген Дмитрий «жас ұрпақтың болашағы жарқын болсын, бейбітшілік ортаймасын деген тілегін жеткізді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығында бір шаңырақ астында бас қосқан Дмитрий мен Бекзат осылайша бақытты өмір сүруде. Олармен дидарласып, әңгімелесу барысында жүрегі қазақ деп, елім, жерім деп соғатынын байқадық. Тәубе! Бұл – біздің, Тәуелсіздік пен бірге жеткен сыйымыз. Ендігі уақытта бұл құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жалғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ерболат СҰЛТАНОВ,
майор.
ОРАЛ.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20