Есірткі • 22 Желтоқсан, 2024

Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында көліктен жалпы салмағы 266 келі болатын 13 қап марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді

Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны тізгіндеген Audi A6 көлігінде өзінің серігі де болған.

- Автокөлікті тексеру барысында артқы орындықтан және жүк салғыштан өсімдік тектес заттан тұратын 13 қапшық табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, қапшықтағы зат жалпы салмағы 266 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.