Оқиға • 23 Желтоқсан, 2024

Көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық прокуратураның шараларымен көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды

Фото: bugin.kz

Сот актілерін зерделей отырып, прокуратура мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына талдау жасаған.
 
Анықталғандай, құрылыс салушы көпбалалы жанұяларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына беру бойынша шарттық міндеттемелерді 2022 жылдан бері орындамаған.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 10 пәтер конкурс өткізу және кейіннен көп балалы отбасыларды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның балансына табысталды, 5 пәтер тапсыру сатысында», делінген хабарламада.

Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.