Елорда • Бүгін, 08:42

«Нұра» ауданындағы мұзайдыны

12 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елорда тұрғындары енді Нұра ауданындағы мұз айдынында конькимен сырғанап, сырғанақ тебеді. Бірер күн бұрын ересектер мен балаларға, жалпы аудан тұрғындарына қолайлы орынның ашылу салтанаты өтті.

«Нұра» ауданындағы мұзайдыны

Қысқы маусымда отбасылық дем­алыс­қа таптырмайтын орын «Зе­леный квартал» тұрғын үй кешені ауданында орналасқан. Жаңа қоғамдық кеңістікте тұрғындар мұз айдыны, сырғанақтан бөлек, басқа да қысқы ойын-сауық түрлерін қызықтай алады.

«BI Group» компаниясы мен Нұра ауданының әкімдігі «Бухарест» саябағын ресми түрде ашты. Бұл – ауданда орналасқан алғашқы қыс­­қы қалашық. Мұнда мұз айдыны, сыр­ғанақтар, көздің жауын алар жеті метрлік шырша бар. Саябақ­тың өзі жаңажылдық үлгіде безендірілген. Біз елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық кеңістікке келіп, демалыс күндерін көңілді өткі­зу­ге шақырамыз», дейді «BI Group» өкі­лі, жоба жетекшісі Бауыржан Салықов.

Ұйымдастырушылар серуендеп кел­ген жұртқа жаңажылдық кө­ңіл күй сыйлауға ерекше көңіл бөл­ген екен. Қонақтарды ертегі кейіп­керлері – Гринч, Грин Санта, Ақша­қар, эльфтер мен қояндар қарсы ал­ды. Балаларға ерекше ойын-сауық бағ­дар­ламасы ұсынылды. Әртістер би би­леп, театрландырылған қойылым қойды.

«Біз Нұра ауданының тұрғындары ретінде мұз айдыны, сырғанақ, мерекелік шыршасы бар жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылғанына қуанып отырмыз. Қысқы ойын-сауық әсіресе балаларымызға ерекше әсер сыйлайды. Қазір жұрт таза ауада серуендегенді жақсы көреді. Осы іске ерекше көңіл бөлген аудан әкімдігіне алғысым шексіз. Енді серуендеу үшін алысқа барудың қажеті жоқ, жаңа қоғамдық кеңістік үйімізден бес минут жерде орналасқан», – дейді Айдана есімді аудан тұрғыны.

Мереке күндері астаналықтар, Нұра ауданының тұрғындары отбасымен, достарымен бос уақытын көңілді өткізе алады. Биыл Астанада осындай 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Мұндай қоғамдық кеңістіктер қаланың барлық ауданында ашылады.