
Фото: Ашық дереккөз
Оның құрамына Көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ-ның тәжірибелі қызметкерлері кірді.
«Бас прокуратура Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе компаниясының әуе кемесі апаты фактісі бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын хабарлайды. Оның құрамына көлік прокуратурасының, ІІМ және ТЖМ тәжірибелі қызметкерлері кірді. Оқиға орнына Үкіметтік комиссия құрамындағы елдің Бас көлік прокуроры барды», делінген хабарламада.
Қылмыстық іс ҚР Бас Прокурорының ерекше бақылауына алынды.