Оқиға • 25 Желтоқсан, 2024

Ұшақ апаты: «Аmanat» мүшелері қан тапсыруға кезекте тұр

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Аmanat» партиясының мүшелері мен «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыру үшін Астанадағы қан орталығына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұшақ апаты: «Аmanat» мүшелері қан тапсыруға кезекте тұр

Фото: Видеодан алынған кадр

«Ұшақ апаты салдарынан жақындарын жоғалтқан адамдарға шын жүректен көңіл айтамыз. Бүгін біздің партияластар зардап шеккендерге қажетті қан тапсырып жүр. Барлығының тезірек сауығып кетуін тілейміз», деді «Аmanat» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының төрайымы Ақерке Ескендірова.

Еске салайық, бүгін Бакуден Грозныйға (J2-8243) ұшқан Әзербайжан әуе жолдарының Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайынан үш шақырым жерде апатқа ұшыраған.

Төтенше жағдайлар министрлігі ұшақ бортында 69 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болғанын хабарлады. 28 адам ауруханаға жатқызылды, оның екеуі бала екені мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35