Борт құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік бригадасы, екі реаниматолог, төрт травматолог, нейрохирург және комбустиолог бар.
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов зақым алған және жарақаттанған пациенттерді қарап-тексереді, келген мамандарды тарта отырып, медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.
Ақтау әуежайы маңындағы жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған жерден облыстың медициналық мекемелеріне 29 зардап шегуші, оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 адам жеткізілді. Ауруханаға жеткізілген жағдайы ауыр 27 пациенттің 11-і реанимацияға жатқызылды.
Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала түскен, оларға ота жасау жоспарланған.