ПЕТРОПАВЛ. 4 ақпан. Қардың көп түсуіне байланысты биыл Солтүстік Қазақстан облысы аумағында көктемгі су тасқыны жылдық орташа көрсеткіштен жоғары болуы мүмкін. Тұрғындарды, нысандарды және аумақтарды маусымдық су тасқынынан қорғауға арналған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мәжілісінде осындай болжам жасалды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко көктемгі су тасқыны кезінде ойпаңдағы 18 елді мекенді, 302 шақырым автомобиль жолы мен 20 шақырым темір жолды су басу мүмкіндігін жоққа шығармады. Облыс аумағында 25 гидротехникалық құрылыс бар. Оларды күрделі жөндеуге республикалық және жергілікті қазынаданн 347,388 миллион теңге бөлінді. Бірқатар су қоймаларына, Есіл өзеніне, гидротехникалық құрылыстарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Маусымдық су тасқыны шараларына жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен 349,408 миллион теңге қарастырылған.
Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов көктемгі су тасқынына байланысты кешенді шараларды жүзеге асыру, елді мекендерді су басу салдарының шығындарын барынша азайту, ағынды су өтетін құбырларды, өткелдерді, жыраларды қардан, көң-қоқыстан тазарту, төтенше жағдайларды жою үшін инженерлік және жол-құрылысы техникаларын әзірлеу, су қоймаларына бақылау жасау, автомобиль және темір жолдардың бұзылуына жол бермеу, инертті материалдардың қажетті қорын жасау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.
Сурет: bnews.kz.
• 04 Ақпан, 2015
Солтүстік Қазақстанда көктемде су басып қалу қаупі бар

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше