Фото: Абай облысының әкімдігі
Қанат Әділбай 1972 жылы 14 желтоқсанда Аягөз қаласында дүниеге келген. 1990-1996 жылдары Семей мемлекеттік университетін (бұрынғы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет) АӨК салаларындағы экономика және басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Семей қаласы бойынша Салық инспекциясында заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің 1 санатты маманы болып бастаған.
Осы қызметке дейін Аягөз ауданының әкімі болған.