Оқиға • 26 Желтоқсан, 2024

Ұшақ апаты: Ақтаулықтар қан тапсыру үшін кезекке тұрды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау тұрғыны Алмаз Бекжанов Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы апатынан зардап шеккендер үшін қан тапсыру кезегінде тізіліп тұрған қала тұрғындарының видеосын жариялады,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұшақ апаты: Ақтаулықтар қан тапсыру үшін кезекке тұрды

Фото: Ашық дереккөз

«Бүгін таңертең (26 желтоқсан) ерте, жұмысқа дейін қан тапсыруға бардым. Бірақ орталыққа келгенде, қазірдің өзінде 40 адам тұрғанын көрдім және бұл кезек үнемі өсіп отырды. Ақырында мен кеңсеге таңғы сағат 10-да келдім», дейді қала тұрғыны Алмаз Бекжанов.

Естеріңізге сала кетейік, 25 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырады. Жолаушылар ұшағы қалың тұман салдарынан Грозныйға қона алмай, әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға бағыт алған еді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35