ПЕТРОПАВЛ. 4 ақпан. Еңбек адамының құқықтарын қорғап, әлеуметтік жағдайларын жақсартуды діттейтін үшжақты келісім Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдік, кәсіподақ және кәсіпкерлер палатасы арасында жасалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынды ашқан аймақ басшысы Ерік Сұлтанов Елбасы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге сенім», – деп атап көрсеткенін жеткізе келіп, тың ойлар мен көтерілген бастамаларға жан-жақты қолдау жасалатынын қадап айтты.
Былтыр кәсіпорындар және ұйымдар 1 539 меморандум мен 3 634 ұжымдық шарт жасасқан. Биыл 31 мыңнана астам адамды қамтитын 747 кәсіпорынмен меморандумға қол қойылған.
Бұл жолы еңбек қатынастарындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатымен облыстық әкімдік, кәсіподақ және кәсіпкерлер палатасы арасында 2015-2017 жылдарға арналған келісімге қол қойылды. Келісім аясында еңбекақыны көтеру мәселесіне үлкен көңіл бөлінетін болады.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сурет: soltustikkaz.kz.
• 04 Ақпан, 2015
Солтүстік Қазақстанда үшжақты келісімге қол қойылды

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше