ПЕТРОПАВЛ. 4 ақпан. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің аймақтық кеңесінде «Астық корпорациясы» АҚ-ның жергілікті өкілдері астық сатып алуға 4 миллиард теңгенің бөлінгенін мәлімдеді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Былтыр жаз, күз маусымдары өте жауын-шашынды болып, егін кеш пісті. Соның салдарынан астық шығымы мен сапасына елеулі нұқсан келді. Табиғаттың тосын мінезінен бірқатар шаруашылықтар зиян шегіп, мемлекет алдындағы қарызын өтей алмай отыр.
Шаруашылықтардың компания алдындағы қарызы 234 миллион теңгеден асады. Олар келісім бойынша міндеттемелерін 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін орындау тиіс болатын. Жағдайдың өте күрделі болғанын ескеріп, шарт мерзімі ұзартылды, дейді компания өкілі Ғани Әбенов.
Оның айтуынша, көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізуге Үкімет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалған. Қажетті құжаттарды жинастыру жеңілдетілген.
Енді жаңа талап бойынша тауар өндіруші өз міндетін астықпен ғана өтей алады. Ал ауа райы себебінен қиыншылыққа ұрынған жағдайда қарызды ақшалай қайтару жағы да ескерілген.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.
Сурет: «ҚазАқпарат».
• 04 Ақпан, 2015
Солтүстік Қазақстанда астық сатып алуға 4 млрд. теңге бөлінді

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше