Президент • Кеше

2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды

Фото: Akorda.kz

Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.