Оқиға • Кеше

«ҚазАвтоЖол» Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары сотталды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 26 желтоқсанында Қордай аудандық сотымен «ҚазАвтоЖол» Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары Д. Тультаев, «ДорСтрой» ЖШС мердігерлік ұйымы жобасының жетекшісі У. Құрбанов және «Алматы Сапа Инжиниринг» ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы Д. Мұсақұл сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол» Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары сотталды

Фото: Ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, олар қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» өткізу пунктін салу, кеңейту және реконструкциялау кезінде 296 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап еткені үшін кінәлі деп танылған.

«Тультаев пен Құрбановқа тиісінше 10 жыл мерзімге жол-құрылыс жұмыстарымен және құрылыс жұмыстары саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, әрқайсысына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен Мұсақұл сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында 10 жыл мерзімге инжинирингтік қызметтер көрсетумен айналысу құқығынан айырыла отырып, 7 жылға сотталды», делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.