04 Ақпан, 2015

Павлодар облысында полиция басшысы парамен қолға түсті

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-02-15-vziatka-1

АСТАНА. 4 ақпан. Павлодар облысында аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады. «Лебяжі аудандық сотының шешімімен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қамауға алынды. Оған пара алды деген күдік таңылып отыр», - делінген аудандық сот баспасөз қызметінің хабарламасында. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот облыстық жемқорлыққа қарсы күрес қызметі тергеу бөлімі тергеушісінің Лебяжі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығын қамауға алу туралы кепілдемесін қанағаттандырған. Бөлім бастығына бір кісіден бауырына қатысты қылмыстық іс қозғаудың шарасын өзгерту үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдік таңылып отыр. Құрыш Нұрымбет. Дерек, фот:: «Қазақстан жаңалықтары».