Оқиға • 30 Желтоқсан, 2024

Каспий теңізінде жер сілкінді

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Каспий теңізінде жер сілкінді

Фото: Қазақстанның ұлттық деректер орталығы

Жер сілкінісі Астана уақытымен түнгі сағат 01:14 шамасында Каспий теңізінде болған. 

«ҚР ҰЯО ГЗИ Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 2024 жылы 30 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша 01 сағат 14 мин (Гринвич бойынша 29 желтоқсанда 20 сағат 14 мин.) Каспи теңізінде жер сілкінісі болды. Эпицентрдің координаттары: 41.54 градус солтүстік ендік, 49.98 градус шығыс бойлық. Магнитудасы - mb=4. Энергетикалық класс - К=10.9. Тереңдігі - h=11 шақырым», делінген хабарламада.

Сондай-ақ бүгін, 30 желтоқсанда Алматыдан 336 шақырым жерде де жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан.