04 Ақпан, 2015

Өскеменде үйлер мен аулалар жөнделіп жатыр

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
04 02 - Oskemen jyin 1 ӨСКЕМЕН. 4 ақпан. Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов облыс орталығының Аблакетка және Октябрь аудандарының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қала әкімі атап өткендей, өткен жылы аталған аудандарда асфальт жабындылары төселіп, 18 шағын сәулеттік мүсіндер орнатылды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде Әуезов даңғылы мен Қазақстан, Қайсенов, Протозанов, Крылов, Правда, Островский көшелеріндегі 11 үйдің жылу және су жүйелері ауыстырылып, кәріз құбырлары, самалдықтары мен шатырлары жөнделді. Үйлердің тозығы жеткен қасбеті қалпына келтірілді. Красина мен Лог Шмелев шағын аудандарын сапалы су құбырымен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалуда. Ағымдағы жылы №3 қазандықтан «Промбаза» тұрғын үй ауданына дейін жылу трассасының құрылысы басталады. Облыс орталығының көріктендірілуін жақсарту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мыза көшесінің бойындағы заңсыз сауда нүктелері жойылды. Дәл осындай жұмыстар Буров көшесі мен «Березка» дүкенінің аумағында жүргізілуде. Рұқсат етілмеген қоқыс орындары да жойылды. Қала тұрғындарының бірі Елена Погодина Өскеменнің жыл өткен сайын өңі кіріп, жаңарып, жасарып келе жатқанын тұрғындар ғана емес, қонақтар да байқап жүргенін айта келіп, өзі тұратын көпқабатты үйде жеделсатының пайдалану мерзімі өтіп кеткенін, оның қашан ауыстырылатынын сұрады. Қала басшысының айтуынша, Өскеменде 560 жеделсаты қызмет көрсетеді. Бүгінде 130 жеделсаты коммуналдық меншікке алынған. Оның 71-і жөндеуден өтті. «Бұл мәселені шешудің екі жолы бар. Жеделсатыны бюджет есебінен жөндеуді күту керек немесе ТҮКШ жаңғырту бағдарламасы аясында тезірек жөндеуден өткізіп, игілігін көруге болады», – деді Темірбек Қасымжанов. Думан Анаш. Дерек: egemen.kz. Сурет: Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

04 02 - Oskemen jyin 2

04 02 - Oskemen jyin 3