Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеу жарияланған ер адам Дубайда ұсталды.
Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынған. ІІМ күдіктіні экстрадициялау мәселесі шешіліп жатқанын мәлімдеді.