04 Ақпан, 2015

Өскеменде жаңадан «жасыл аймақтар» құрылады

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04 02 - jasil kala 1 ӨСКЕМЕН. 4 ақпан. Биыл Өскемен қаласының Гагарин атындағы бульварында қала тұрғындарының демалысына арналған алаңқай салынады. Шаһар басшысы Темірбек Қасымжанов тұрғындармен есептік кездесуінде осылай деді. Бұл жөнінде egemen.kz тілшісі хабарлады. Жиында Октябрь ауданында «жасыл аймақ» құру туралы өскемендіктердің ұсынысына алаңқай құрылысының жұмыстары басталып кеткені айтылды. «Сіздердің өтініштеріңіз орынды. Қаланың барлық ауданында «жасыл аймақ» болуы керек. Сонда қала тұрғындары бала-шағасын көтеріп, демалу үшін алысқа бармайды. Қазір осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Гагарин бульварында балаларға арналған ойын алаңы бар демалыс мүйісі бой көтереді», – деді қала әкімі. Ағымдағы жылы пайдалануға берілетін алаңқайдан өзге, Металлургтер саябағы қала әкімдігінің меншігіне алынғаны мәлім болды. Барлық тиісті құжаттар ресімделіп болған соң, аталған саябақ жаңа кестеге сай жұмыс істемек. Яғни, Металлургтер саябағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаз және қыс маусымдарында да ашық болады. Думан Анаш. Дерек: egemen.kz. Сурет: Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

04 02 - jasil kala 2