«Superpave» аптап ыстықтан қатты аязға дейін экстремалды температураға төтеп бере алатын жабындарды жасауға арналған. Әдістеме аймақтың климаттық ерекшеліктеріне негізделген асфальт бетон қоспасының компоненттерін мұқият таңдауды және тозуға төзімділікті бағалау үшін заманауи модельдеу технологияларын қолдануды қамтиды. PG (PerformanceGrade) – Қазақстан үшін битуммодификациясының фокусы бар Superpave технологиясында қолданылатын асфальт бетонды тұтқыр заттарды жіктеу жүйесі PG - Gradeбитум құрамын жазғы даланың аптап ыстығынан қыстың қатты аязына дейінгі температураның шектен тыс өзгеруіне бейімдеуге мүмкіндік береді.
2023 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мамандарының жұмыс тобы BR 21882278 «Қазақстан Республикасының құрылыс, жол-құрылыс секторының аккредиттелген қызметтерінің толық циклін көрсету жөніндегі құрылыс-техникалық инжинирингтік орталығын құру» жобасын іске асырып отыр. Соның шеңберінде «Superpave» технологиясын Қазақстанға бейімдеу бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр.
Жыл соңында университет ғалымдары отандық полимерлерді пайдалана отырып, жергілікті шикізат негізінде жаңа полимермен модификацияланған битум (ПМБ) жасап шығарды. Бұл – 100% отандық өнім. Сондай-ақ осы ғылыми зерттеулер сұйық мұнай қалдықтарынан және қайталама полипропиленнен ПМБ алу әдістеріне патенттер беруге әкелді. Енді тәжірибелік - өнеркәсіптік сынақтарды іске қосу және ПМБ-ны одан әрі енгізу үшін әзірлемелерді өнеркәсіптік өндіріске енгізуге бағдарланған «Полимертек» Start-upкомпаниясы құрылды. Алдағы жылы Астанадағы тәжірибелік учаскелерде «Superpave» технологиясы бойынша жасалған жол жабындарын тестілеу басталады.
Сонымен қатар «Автомобиль жолдары сапасының ұлттық орталығы» РМК және «ҚазжолҒЗИ» АҚ-мен ынтымақтастықта халықаралық стандарттарға сәйкес келетін нормативтік-техникалық талаптарды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр.
Бір сөзбен айтқанда, сарапшылар «Superpave» технологиясын қолдану еліміздің көлік жүйесін жаңғыртудағы маңызды қадам болатынын атап өтті. Бұл жолдардың сапасын жақсартуды қамтамасыз етіп қана қоймай, елдің халықаралық аренадағы позициясын нығайтады.