Фото: ІІМ
ІІМ мәлім етуінше, аталған облыстың дағдарыс орталығынан бір жыл ішінде 154 отбасы көмек алып, 46 тергеу шарасы өткізілді. Орталық қауіпсіз баспанадан бастап білікті психологиялық көмекке дейін толық қолдау көрсетеді.
Бір жыл бұрын басталған полиция мен дағдарыс орталығының тиімді ынтымақтастығы өмірді сақтап қана қоймай, «қоғамда зорлық-зомбылыққа орын жоқ» деген сенімді нығайтады.
Сонымен қатар бір жыл ішінде Абай облысында отбасылық зорлық-зомбылықтың 79 жағдайы, әйелдерге қатысты 2015 құқық бұзушылық және жасөспірімдерге қарсы 117 қылмыстық іс анықталған. 2720 қорғау ұйғарымы шығарылып, 316 құқық бұзушы жауапқа тартылған.