Әлем • 31 Желтоқсан, 2024

Қырғызстанда жер сілкінді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанда Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанда жер сілкінді

Фото: seismo.kg

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының мәліметінше, 31 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 15:04-те (Астана уақыты бойынша 16:04) Қырғызстан аумағында күші 3,5 балдық жер сілкінісі болған.

Жер сілкінісінің ошағы Арсы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым, Семіз-Бел ауылынан солтүстік-батысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан.