ӨСКЕМЕН. 4 ақпан. Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы мен Қытай Халық Республикасы ШҰАР Алтай аймағының Халықаралық сауда палатасы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл жөнінде egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шығыс Қазақстанға Қытайдың Алтай аймағынан жұмыс сапарымен арнайы делегация келді. Екі жақты кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған келісімнің мақсаты – өзара ынтымақтастықты күшейте отырып, іскер серіктес табу, сондай-ақ заңгерлік кеңес қызметін көрсету.
«Шекаралас аймақ ретінде Шығыс Қазақстан үшін қытайлық әріптестермен серіктестікті күшейтудің маңызы зор. Біз инвестицияның құйылуына, жаңа технологиялардың енгізілуіне қызығушылық танытамыз. Екі ел арасындағы тауар айналымы көлемінің көрсеткіші жоғары. Сондықтан серіктестікті күшейтуге көрші ел де күш салады деп ойлаймын», – деді өңірдегі Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Игорь Шацкий.
Қытайдан келген өкілдер И.Шацкиймен келісетіндіктерін жеткізді. Осылайша, қос тарап көрмелік іс-шараларды ұйымдастыру және ақпараттандыру бойынша қолдау, мәселе туындататын сауалдар төңірегінде бірлесе жұмыс жасау, сондай-ақ көрмелік-жәрмеңкелік саланы дамыту бойынша келісім жасасты.
Думан Анаш.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Шығыс Қазақстан облысының ақпараттық орталығы.
• 04 Ақпан, 2015
Шығысқазақстандық кәсіпкерлер қытайлықтармен келісімге келді

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше