Теміржол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда елді Еуразияның басты көлік-логистикалық хабына айналдыруды тапсырды. Бүгінде Батыс пен Шығыс арасындағы жүк айналымы – 216 млн тонна. Солтүстік – Оңтүстік арасының әлеуеті – 206 млн тонна. Мұндағы ақша айналымы 1 трлн доллардан асып жығылды. Былтыр 1 407 км теміржол төсемі жаңартылып, 570 км күрделі жөндеуден өтті. «ҚТЖ» 2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржолды жөндеу жол картасын іске асырады. Бүгінде жоспарланған көлемнің 2 800 шақырымынан астамы жаңғыртылды.
Автомобиль
Елімізде ең жоғары тасымал өсімін автокөлік көрсетіп отыр. Биыл автомобиль жолдарында түрлі жол-құрылыс жұмыстарымен 8 254 км қамтылады. 994 шақырым қайта жаңартылып, 390 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ 6 900 шақырымға орташа жөндеу жасалады.
Автомобиль пункттері де үлкен маңызға ие. Мемлекеттік шекара бойында 52 өткізу пунктті орналасқан. Былтыр 9 өткізу пункттін реконструкциялау жұмысы жүргізілді. Биыл қосымша 6 өткізу пункттін модернизациялау жұмысы басталады. Қалған 30 өткізу пунктті кезең-кезеңімен 2026 жылдан бастап жаңғыртудан өтеді. Пункттерді толық жаңғырту өткізу қабілетін тәулігіне 100 мыңнан 200 мың көлікке дейін ұлғайтуға ықпал етеді.
Авиация
2023 жылы әуежайларда 150 мың тонна жүк өңделді. Қазір 2028 жылға дейін әуежайларда өңделген жүк көлемін 2 есе ұлғайту жұмысы пысықталып жатыр. Бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 500 мың тоннаға жеткізу жоспарланды.
Бүгінде перспективалы мультимодальды әуе хабтардың бірі – Ақтау әуежайы. Оның негізгі артықшылығы – барлық көлік түріне қолжетімділігі және Еуропаға 3 сағаттық жақын жерде орналасуы. Жүк әуехабымен қатар YDA, «Turkish Technic» пен ASFAT компаниясы әуежай аумағында ұшақтарға техникалық қызмет көрсету мен оқу орталықтарын салуды жоспарлап отыр. Орталық Қазақстан, Ресей, Орталық Азия елдерінің азаматтық және әскери ұшақтарын қамтиды. Осы шаралардың нәтижесінде әуежайдың жүк тасымалдау қуаты жылына 200 мың тоннаға дейін, ал әуежайдың жылдық айналымы 520 млрд теңгеге дейін артады.
Цифрландыру
Теміржол саласында PSA компаниясымен бірге кедендік және транзиттік бизнес-үдерістер цифрланып, «Wabtec», «Huawei» компанияларымен бірге жасанды интеллект технологиясы енгізіліп жатыр. Логистиканы оңтайландыру үшін «Бір терезе» форматы жұмыс істеп тұр. Автомобиль тасымалы бағытында 2024 жылдан бастап электронды рұқсат бланкін алмасу мен Көлік құжатын басқарудың бірыңғай жүйесі енгізілді. Жергілікті әкімдіктермен бірге 20 автоматтандырылған өлшеу стансасы орнатылып, «e-Joldar» жүйесі жасақталып жатыр.
2029 жылға қарай көлік инфрақұрылымының дамуы есебінен транзиттік тасымал айтарлықтай өспек. Теміржолда транзиттік тасымалды 65%-ға (45 млн тонна) ұлғайту, контейнерлік тасымалды 54%-ға арттырып, 2 млн контейнер межесін бағындыру көзделіп отыр. Автокөлік транзитінің көлемі 6 есе – 29 млн тоннаға дейін өседі. Әуе тасымалымен транзит көлемі 2 есе ұлғайып, 300 мың тоннаға жетпек.