Фото: 24kz
24kz ақпаратынша барлығы 30 пәтер. Олардың қатарында жетім балалар, ардагерлер, 1 және 2 топ мүгедектері, толық емес және көпбалалы отбасылардың мүшелері, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар бар.
«Биыл кезекте тұрған 188 отбасыға пәтер кілттерін табыстадық. Бүгін беріліп жатқан тұрғын үй қаланың орталық аумағында орналасқан», дейді қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.